Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ИИДМ Қазақстан-Қытай шекарасындағы жүк автокөліктері кептелісінің себебіне байланысты жалған ақпаратқа түсініктеме берді

20-03-2023, 08:34 Думан Кенжеғазыұлы

Қытай Халық Республикасында коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін Қазақстан-Қытай шекарасында халықаралық жүк автотасымалын іске асыратын көліктер тұрақтап қалған болатын.

Осыған байланысты 13-ші наурызда ҚР Үкімет кеңесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға барлық әкімшілік кедергіні жойып, Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту үшін кешенді шараларды қабылдауды тапсырған еді.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйенсек, бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде 14-17 наурыз аралығында Қытайдан елімізге жүктерді өткізу 3 есеге өсіп, тәулігіне 500-ден артық жүк көлігіне жол ашылды. Ал Қазақстаннан Қытайға өту 2 есеге артып, көліктерді өткізуге байланысты тәуліктік көрсеткіш орта есеппен 200-ге жетті.

Сонымен бірге әлеуметтік желілерде «2023 жылдың 27-ші ақпанынан бастап жаңа заңға сәйкес ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу пункттерінен тек Еуро-5 және Еуро-6 экологиялық стандартына сай келетін жүк автокөліктерін ғана өткізіп жатыр» деген жалған ақпарат таратыла бастады.

Бұл мәлімет толығымен шындыққа жанаспайтындықтан, сондай-ақ қоғамда жаңсақ пікір қалыптастыру мүмкін екенін ескеріп, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі келесіні хабарлайды:

  1. Халықаралық жүк автотасымалына рұқсат карталарын алу үшін Еуро-6 экологиялық сертификатының қажеті жоқ және ешқашан қажеттілігі болмаған;
  2. Еуро-5 стандарты бойынша отандық немесе шетелдік автокөлік құралдарына халықаралық жүк автотасымалына рұқсат беруді шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған. Демек Қазақстан-Қытай шекарасынан өтер кезде жүк көліктерінен экологиялық қауіпсіздік санатын дәлеледеуге байланысты қандай да бір құжаттар талап етілмейді;

Халықаралық жүк автотасымалы Қазақстанның және шет мемлекеттердің үкіметтері арасында жасалған келісімдердің негізінде жүзеге асырылады. Соған сәйкес автокөлік құралдарының тараптардың аумақтары бойынша қозғалысы уәкілетті органдардың мақұлдауымен және рұқсат бланкісінің негізінде іске асырылатынын ескерген жөн. ҚХР-мен арадағы келісімге сәйкес «С» түріндегі бланк қолданылады.

Рұқсат беру ережелеріне сәйкес автокөлік құралдарына тек экологиялық қауіпсіздік санатын ғана (Еуро 0-ден 5-ке дейін) растау қажет. Яғни, бұл сертификатты ҚР-дағы ресми диллерлерден алуға болады.

  1. Ал автокөліктің экологиялық қауіпсіздік санаты өндіруші зауытпен немесе тасымалдаушының орналасу жеріне байланысты сол елдегі өндірушінің ресми өкілімен (дилер, дистрибьютор) расталады. Қазір Қазақстанда жүк тасымалдаушы ұйымдардың техникалық паркіндегі негізгі маркілердің өкілдіктерінің (Daf – Алматы, Орал және Шымкент қаласында, Man – 15 қалада сервистік қызметі бар, Iveko – Астана мен Алматыда, сондай-ақ Volvo, Mercedes, Scania және Renault – Алматы қаласында) қызметі жолға қойылған. Аталған құжатсыз жүрген тасымалдаушыларға жоғарыда айтылған дилерлік орталықтарға барып, экологиялық қауіпсіздік санатын растау мүмкіндігі қарастырылған.

Осы орайда халықаралық бағытта жүк тасымалын адал орындап жүрген тасымалдаушы компанияларға аталған құжаттарды ұсыну артық жүктеме түсірмейтінін айта кету керек. Өйткені бұл құжаттарды халықаралық жүк тасымалдаушылар тұрақты негізде қолданып келеді.

Жоғарыда аталып өтілгендей, Үкімет басшысы Ә.Смайылов ҚР Қаржы министрлігіне Қытайдан жүк тасымалдауға байланысты кедергілерді жою бойынша жедел шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Бұл орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз құзыреті шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасынан жүк көліктерін өткізу тәртібін оңтайландыру бойынша қолғабыс етіп келе жатқанын айта кеткен орынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив