Аймақ басшысы Абыралылық қариялармен жүздесті
Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абыралы өңірінің ақсақалдарымен кездесті. Емен-жарқын әңгімелесу барысында қариялар өңірдің бүгінгі жағдайы туралы ойларын ортаға салды. Соның ішінде жер мәселесі, жарықтандыру, емхана мен мектептің қазандығын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі көтерілді.
Әр ақсақалдың сөзіне мұқият мән берген аймақ басшысы айтылған мәселелерден хабардар екенін, олардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
«Облысымызға қарасты ауылдарды мүмкіндігінше аралап, тұрғындармен, өздеріңіздей қариялармен кездесіп жүрмін. Олардың әңгімелеріне құлақ түріп, өмірлік тәжірибелерін де үйреніп жатырмыз. Жергілікті жердің жағдайын сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Сол себептен, бірінші кезекте сіздерді тыңдаймыз. Өзекті мәселелерді шешу кезінде пікірлеріңізді назарға аламыз. Абыралы өңірі менің жіті бақылауымда», — деді облыс әкімі.
Сапар соңында аймақ басшысы басқарма басшылары мен аудан әкіміне Жаңасемей ауданындағы ауылдық округтердің дамуы туралы жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат әр ауылдың ерекшеліктерін ескеретін болады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі