Cемей37°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

Кәсіпкерлермен дөңгелек үстел форматындағы диалог ұйымдастырылды

23-12-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы ТЖД бастамасымен ұйымдастырылып, облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен өткен іскерлік пікірталасқа пиротехникалық өнімдерді сататын базарлардың басшылары қатысты.

Кездесуде Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкель сөз сөйледі. Ол объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшылардың жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қатысушыларға пиротехникалық өнімдерді сатуға байланысты негізгі өртке қарсы талаптар жеткізілді.

Атап айтқанда, нысандардағы өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелерімен жабдықтау тәртібін, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы қажеттілігін, электр жабдықтарын дұрыс ұстау ережелерін, сондай-ақ эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуының маңызды екенін түсіндірді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында базар басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуге және пиротехникалық өнімдерді сату кезінде белгіленген талаптарды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив