Ауған соғысы ардагерлерінің мәселелері тыңдалды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Кездесуде майдангерлер аймақ басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Ардагерлер әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Соның ішінде қоғамдық көлікте жол жүру мен шипажайларда емделуге жеңілдік қарастырылып, пәтер алу кезінде көмек көрсетілсе деген тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, ай сайынғы төленетін коммуналдық төлемақы мен ауған соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткішке жөндеу жұмысын жүргізуге көмек сұрады.
Өз кезегінде ауған ардагерлері жастар тәрбиесіне араласып, кез келген патриоттық шараларға қатысуға әзір екендерін жеткізді. Қазір облысымызда 600-ден аса ауған соғысы майдангерлері тұрады.