Облыста 2027 жылға дейін 9 балабақша салу жоспарланған
Абай облысында 226 мыңнан астам бала білім алатын 561 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қосымша білім беруді дамыту мақсатында көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар Абай ауданында 40 орындық балаларға арналған жазғы лагерь салынуда.
Спикердің айтуынша, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 46 мектепке 48 жаңа пәндік кабинет сатып алынып, 320 интерактивті панель орнатылған. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 4 тірек мектепте жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық 127 мектепте Starlink жүйесі қосылып, интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тен 100-200 Мбит/с-ке дейін артқан.