Биыл облыстық бюджет қаражаты есебінен 89 қала құрылысы жобасы әзірленген
2022 жылға дейін Абай облысы бойынша 55 елді мекен бас жоспарлармен қамтамыссыз етілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ануар Бейсенов мәлімдеді.
Сонымен қатар, басқарма басшысының міндетін атқарушы өңірдегі елді мекендер үшін қала құрылысы құжаттарын кезең-кезеңімен әзірлеу бойынша жол картасы жұмыс істейтіндігін жеткізді.
Өңірде жайылымдық жерлермен халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, жайылымдардың жаңа алаңдарын айналымға енгізу бойынша жұмыстар да жүргізілуде.
Брифинг соңында спикер бүгінгі күні Абай облысында жер учаскесін алуға кезекте 38 432 адам, оның ішінде Семей қаласы бойынша 29 753 адам, Курчатов қаласы бойынша 1 163 адам тұрғандығанда мәлімдеді.
2020-2021 жылдар аралығында ЖТҚ үшін 459 жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта Семей және Курчатов қалаларында учаскелерді бөлуге дайындалған алаңдардың болмауына байланысты ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жүзеге асырылмайды.