Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

25-12-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде облыс әкімінің 150 оқушыға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Шараға облысымыздағы мамандандырылған мектеп-интернаттар мен жетім балаларға арналған мекемелерден оқушылар қатысты.

Облыс әкімінің шыршасына 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Сонымен қатар, оқу, спорт, шығармашылықта немесе қоғамдық істе жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.

«Жаңа жыл – бұл жаңа арман, жаңа үміт, жаңа бастамалар кезеңі. Жаңа жылды бәріміз қуанышты көңіл-күймен қарсы аламыз. Абай елінің жас өрендері талантты, ақылды, еңбекқор, ел мақтанышына айналар азамат болып өседі деп сенемін. Жаңа жыл қуанышты күндер мен ғажайып сәттерге толы болсын», - деді облыс әкімі.

Әр балаға арнайы сыйлық – 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, сондай-ақ тәттілер мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив