Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
514.93 536.04 5.18

Абай облысында полиция мен дағдарыс орталығынан бір жылда 154 отбасы көмек алды

Кеше, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының полициясы мен дағдарыс орталығының бірлескен күш-жігерінің арқасында 154 отбасы көмек алды.

Абай облысының дағдарыс орталығы зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдер мен балалар үшін нағыз тірек болды. Бір жыл ішінде бұл жерден 154 отбасы көмек алып, 46 тергеу шарасы өткізілді. Орталық қауіпсіз баспанадан бастап білікті психологиялық көмекке дейін толық қолдау көрсетеді.

– Біздің мақсатымыз — зардап шеккендерді қорғау және қайғылы оқиғалардың алдын алу, — деп атап өтті Елдос Закимов.

Бір жыл бұрын басталған полиция мен дағдарыс орталығының тиімді ынтымақтастығы өмірді сақтап қана қоймай, қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген сенімді нығайтады.

Сонымен қатар бір жыл ішінде Абай облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың 79 жағдайы, әйелдерге қатысты 2015 құқық бұзушылық және жасөспірімдерге қарсы 117 қылмыстық іс анықталды. 2720 қорғау ұйғарымы шығарылып, 316 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив