Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр

25-12-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады.

Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.

Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.

Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив