Respublica партиясының Абай облыстық филиалы ерекше балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлады
2024 жылдың 26 желтоқсанында «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» интернатының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «SMART» сауда үйіндегі кинотеатрда «МУФАСА: АРЫСТАН ПАТША» мультфильмін көрсетті. Іс-шараға 50-ден астам бала қатысты.
Балаларға тәтті сусындар мен попкорн таратылып, ерекше көңіл бөлінді.
«Бүгінгі шара – біздің болашағымыз саналатын іні-қарындастарымызға арналған. Партия филиалының белсенді мүшелері осындай игі істерге әрдайым атсалысып келеді. Бұл ретте мультфильмді қазақ тілінде көрсетуге қолдау білдірген партия тең төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Арысбекұлы Берденовке ерекше алғысымызды айтамыз», – деді партия филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш.
Шара соңында Алмас Айтмұқаш балаларды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыСемей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?