Қызыл жалыннан қаршадай баланы құтқарған Ермек Ержанұлы
Жұмыстың ауырлығы мен қиындығына қарамастан, әр істі жан-тәнімен атқарып, шыдамдылық таныта отырып, өзінің өмірін қатерге тігіп, біреудің өмірін сақтап қалуға дайын тұратын адамдар — бұл құтқарушылар. Солардың бірі — Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Ысқақов Ермек Ержанұлы. Алғашқы қызметі 2019 жылы Жарма ауданы Әуэзов кентінде өрт сөндіруші мамандығынан басталған. Қазіргі күні осы салада жүргеніне 6 жыл уақыт болыпты.
Өзінің кәсіби шеберлігі мен қайсарлығын танытып, адал қызмет жасап келе жатқан Ермек Ержанұлы 2023 жылы көпқабатты үйден шыққан өртпен арпалысып, кішкентай баланың өмірін сақтап қалған. Қызыл жалынмен бетпе-бет күрескен осы ерлігі оны тек, кәсіби маман ретінде ғана емес, адам өміріне деген зор жауапкершілік пен жанқиярлық танытқан нағыз батыр ретінде көрсетеді. Кейіпкеріміз Қазақстан Республикасының Президенті табыстаған «Ерлігі үшін» медалі қандай ісі үшін берілгендігін былай сипаттады.
Адал ниетпен елге қызмет ету, адамдардың өміріне қауіп төнгенде көмек қолын созу — әркімнің қолынан келе бермейтін қасиет. Мұндай азаматтар елдің мақтанышы болып табылады және олардың ерлігі мен еңбегі әрдайым ұмытылмайды.