Cемей36°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

Алматыда «Бибігүл Төлегенова – қазақ бұлбұлы» атты мерекелік концерт өтті

27-12-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Бибігүл Төлегенова – қазақ бұлбұлы» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың қорытындысы болды.

Концертте консерватория студенттері, магистранттары мен оқытушылары өнер көрсетті.

Концерт бағдарламасына Бибігүл Төлегенованың репертуарынан алынған шығармалар енгізіліп, оның ұлттық вокал мектебін дамытудағы орасан зор үлесі айшықталды.

Жас орындаушылар ұлы әншінің үлгісінен шабыт алып, өз шығармашылығын көрсете отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтты. Бұл кеш өнер мерекесіне айналып, қонақтардың жүрегінде қазақ музыкалық мәдениетіне деген мақтаныш сезімі мен жарқын эмоцияларға толы әсер қалдырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив