Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті

28-12-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысында мәслихаттың ағымдағы жылда атқарған жұмысы жайлы есеп берілді. Жыл басынан бастап депутаттық корпус 24 сессия өткізді. Мәслихат құқықтық сипаттағы 75 шешім қабылдады, оның ішінде 23 нормативтік құқықтық актілер. Жеке қабылдауға 281 адам келіп, 288 мәселе айтылды, жеке және заңды тұлғалардан 219 ресми өтініш түсті. Мәселелер мен өтініштерді қарай келе құзырлы мекемелерге 157 сұрау хат, 30 депутаттық сауалдар және 24 депутаттық хаттар жолданды.

Жиын барысында депутаттар көтерген депутаттық сауалдар тиісті құзырлы мекемелерге жолданатын болады.

Бұдан бөлек, мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, облыс әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив