Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

20-03-2023, 15:31 Думан Кенжеғазыұлы

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.  Өз кезегінде Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив