Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

20-03-2023, 16:33 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тіледі.

«Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам біз үшін табиғат пен өмірдің жаңаруымен, қыстан аман-есен шығып, ағайын-туыстармен көрісетін ерекше күннің бірі. Заманауи Қазақстан үшін бұл айтулы мереке барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын күнге айналды.

Көктем мерекесі сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» - деді Тамара Дүйсенова үндеуінде. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив