Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Астана локомотив жөндеу депосы базасында МПО жүйелерін өндіру бойынша алаң құрылды

20-03-2023, 17:25 Думан Кенжеғазыұлы

Астана локомотив жөндеу депосы базасында «ЛокоТех-Сигнал Азия» компаниясы (Қазақстандағы ТМХ-ИС құзыреттілік орталығы) CTRL@LOCK400 микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін (МПО) шығару бойынша заманауи өндірістік алаңды ашты. Алаңның ресми жұмысын «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтері мен бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстанның инжинирингтік институттарының өкілдері бастап берді.

- Бұрмаларды, бағдаршамдарды және басқа да объектілерді басқаруға, жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның инфрақұрылымдағы жағдайына мониторинг жүргізуге арналған өндірісте   МПО жүйелері дайындалатын болады, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ  филиалы - «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» директоры Салмен Амрин.

Жаңа өндірістік алаң мамандары конструкторлық және техникалық құжаттамаларды әзірлеумен, бағдарламалық қамтамасыз етуді сынамадан  өткізумен және орнатумен, зауыттық сынақтарды жүргізумен, оның ішінде тапсырыс берушінің қатысуымен жабдықты енгізілетін объектісіне жөнелтумен айналысады.

Іс-шара барысында қатысушылар орталыққа қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерін дайындау технологияларын, бастапқы кодтарды және бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын беруді, сондай-ақ теміржол көлігінде автоматика мен телемеханиканың болашақ мамандарын оқыту мақсатында оқу сыныбын ұйымдастыру үшін логистика және көлік академиясымен ынтымақтастықты көздейтін келісімдер пакетіне қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив