Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қазақстан және Катар қарулы күштерінің өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

5-01-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда Қазақстан мен Катар қорғаныс ведомстволары арасында бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарапты Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, катарлық тарапты – Қорғаныс министрлігі Білім және дайындық басқармасының бастығы – Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Жасим Әл-Муханнади таныстырды.

Кездесу нәтижесінде әскери білім және ғылым, киберқауіпсіздік, спорт, сондай-ақ Арнайы операциялар күштері мен ұшу құрамының әскери қызметшілерін даярлау саласында өзара қарым-қатынасты жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетсек, бірлескен жұмыс тобы әскери ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған болатын. Бұл орган екі елдің қорғаныс ведомстволарының қызметін нақтылайды, ұйымдастырады және үйлестіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив