Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.37 609.97 6.6

Тас жолдарда қалған шамамен 500 жолаушы Ұлттық тасымалдаушының пойыздары арқылы жеткізілді

5-01-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қолайсыз ауа райы салдарынан Астана–Қарағанды, Астана–Павлодар және Астана–Көкшетау бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуына байланысты, жолда қалған шамамен 500 жолаушы жедел түрде теміржол арқылы тасымалданды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды межелі орындарына жеткізу үшін жедел әрі тиімді шаралар қабылдады.

Сарыбел станциясынан №44 «Қостанай–Алматы», №327 «Қарағанды–Қостанай», №6857 «Астана–Қарағанды» және №145 «Қарағанды–Омск» пойыздары арқылы Қарағанды мен Астанаға 100 жолаушы тасымалданды.

Екібастұз станциясынан №7509 «Павлодар–Астана» және №139 «Павлодар–Пресногорьковская» пойыздары арқылы 63 жолаушы, ал Ерейментау станциясынан №7501 «Павлодар–Астана» және №140 «Павлодар–Пресногорьковская» пойыздары арқылы 52 жолаушы елордаға тасымалданды.

Бурабай курорты станциясынан №6812 «Бурабай курорты–Астана», №6830 «Көкшетау–Астана», №7516 «Көкшетау–Астана», №624 «Петропавл–Астана» және №7508 «Көкшетау–Астана» пойыздарымен 202 жолаушы Астанаға тасымалданды.
Макинка, Ельтай және Ақкөл станцияларынан №7508 «Курорт-Бурабай–Астана» және №76 «Петропавл–Қызылорда» пойыздары арқылы жалпы 76 жолаушы елордаға тасымалданды.

Қолайсыз ауа райы кезінде пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Азаматтарды алыс сапарларға шығудан бас тартуға шақырамыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив