Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

2024 жылы 3,7 млн тонна жаңа астық экспортталды

5-01-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен 25 желтоқсанына дейін 3,7 млн тонна жаңа дақыл экспортталды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 54% - ға жоғары (2,4 млн тонна).

Өзбекстанға экспорттың өсуі 44% (994 мың тоннадан 1 427 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға - 53% (385 мың тоннадан 589 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға - 52% (120 мың тоннадан 182 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға - 22% (59 мың тоннадан 72 мың тоннаға дейін). Иранға экспорт (Ақтау порты арқылы) 30,2 есеге, 14 мың тоннадан 435 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында 9,2 млн.тонна астық жүктері тасымалданды, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 2,2 млн. тонна және экспортқа 7 млн. тонна.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив