Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.3 544.86 4.95

«Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» күре жолы ашылды

6-01-2025, 14:22 Сәтжан Қасымжанұлы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі ең ірі «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» республикалық автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғандығын жариялады. 

Қайта жаңарту жұмыстары жолдың 287-1013 шақырым аралығында жүргізілген. Жалпы ұзындығы 768 шақырымнан тұрады. Оның  38 шақырымы І техникалық санатқа, 730 шақырымы ІІ техникалық санатқа ауыстырылды.

Жол құрылысы Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында 16 учаскеде жүргізілген. Жолды салуға 27 млн текше метр жер төсемі пайдаланылып, 768 шақырым аралықта қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон жабыны салынған.

- Бұл жол бөлігіне «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының мамандары өткен жылы 234 рет тексеріске шыққан. 1044 сынама алынып, сынақтан өткізілді. Оның ішінде инертті материалдар, асфальбетон қоспалары мен асфальт жабыны бар. Табылған кемшіліктерді жол салумен айналысқан компания уақытында жойып отырды. Нәтижесінде өңір тұрғындары жылдар бойы күткен жол қолданысқа беріліп отыр, - дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры Хамзат Сұлтанов.

«Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» тас жолында 54 көпір, 6 көлік айрығы мен 745 су өткізгіш құбыр орнатылып, демалыс алаңдарында мобильді санитарлық-гигиеналық кешендер салынды. Бұл жұмыстарға 1812 бірлік арнайы техника мен 2788 жұмысшы маман жұмылдырылды. Нәтижесінде Талдықорған қаласынан Өскемен қаласына дейін 768 шақырым аралықта толық көлік қозғалысы қамтамасыз етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив