Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері қаралды

21-03-2023, 09:37 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы тоғыз автомобиль, бір теміржол өткізу бекетін және Астана қаласындағы Бас диспетчерлік басқарманы жаңғыртып, техникалық жарақтардыруды жақсартуда.

«Достық-автомобиль» және «Достық-теміржол» нысандарында құрылыс 2022 жылғы маусым айында басталған. Қыста ауа райына байланысты бетон қоспасын жасап, оны құю қиынға соқты. Жұмыс биылғы наурыз айында қайта жанданды.

МКК ақпаратына сәйкес қалған нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қаңтар айының басында басталған. Бүгінгі таңда көптеген нысанға техника мен жұмыс күші жұмылдырылған, бос алаңдарда ғимараттар мен нысандарға демонтаж жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жер қазу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Орта есеппен нысандарда 20-дан 50-ге дейін қызметкер жұмыс істейді.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма беріп, іске асырылып жатқан жобаның маңызын атап өтті.

ҰҚК Шекара қызметі Қаржы министрлігімен бірлесіп, шекарадағы өткізу бекеттеріндегі жұмыстардың іске асырылу барысын қатаң бақылауда ұстап, сондай-ақ тәулік бойы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, «Бақты» және «Қалжат» өткізу бекеттерінде кабельдерді (арнайы байланыс) беруді жеделдетуі қажет.

Сонымен қатар Энергетика министрлігіне қазақ-өзбек шекарасында магистральдық газ құбырын өткізу үдерісін жеделдету тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив