Қорғаныс министрі алып күш иесін жаңа рекордымен құттықтады
Күн мен түн теңелетін көктемгі мереке Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 19132 әскери бөліміне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов келді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы құрметті қонақтар мен әскери қызметшілерді құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметте табыс тіледі.
Мерекені түрлі таланттар жандандырды. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері табиғаттың жаңаруы мен салтанатты мерекеде халықтың рухының жарқын бейнесін көрсетті.
Аталмыш шарада «Той бастар», «Қазақтың дәстүрлері» әндері шырқалды. «Батырлар ізімен» халық биін орындаған бишілер хореографиялық шеберлігімен тамсандырды.
Сержант Айдар Қасенов көзін байлап Калашников автоматын бөлшектеп-жинаудан ерекше қабілеті мен ептілігін көрсетті. Көрермендерді подполковник Әділхан Нұрғазин мықтылығымен таң қалдырды, ол екі 24 келілік гірді көтеру жаттығуын жасады.
Әділет подполковнигі Бауыржан Камалиевтің сөзін іс-шараға қатысушылар ғана емес, сонымен қатар ҚАЭА – Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалықтың өкілдері де тамашалады. Пауэрлифтингтен спорт шебері жаңа рекорд орнатқанын мәлімдеді. Ол локомотивтерді, аэробусты және джиптерді сүйреген балуан. Бұл жолы ол 13 тонналық МИ-17 тікұшағын 15 метр қашықтыққа дейін сүйреп апарып, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов рекордсменді алға қойған мақсатына жетуімен шын жүректен құттықтап, оған толағай табыс пен жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектес екенін білдірді.
Мереке «Қуаныш Ерзатұлы, Ағыбай Удешов, Бауыржан Нұрымбетов сынды «Алатау серілері» триосының әншілерінің «Домбыра» әнін шырқауымен аяқталды.