Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.75 540.6 5.12

Жұмысшы мамандықтары жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылына сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленгенін хабарлады.

Ол жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі Республикалық жоспарды бекіткенін, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасын қабылдағанын атап өтті.

Еліміздің барлық өңірінде жұмысшы мамандардың беделін көтеру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі шараларды қамтитын Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жоспары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне 772 жұмыс істеп тұрған колледж кіреді, онда 565 мың студент оқып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады. Студенттердің стипендиясы екі есе өсті.

Іс-шаралар жоспары: өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын әзірлеуді, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауды, халықаралық деңгейдегі сертификатталған мамандарды даярлауды, жұмыс орындарын ашуды, құқықтарды қорғауды және жұмысшы мамандар мәртебесін арттыруды қамтиды. Кәсіпорындар мен колледждермен бірлесіп 1 мың мектепте бейіндік сыныптар ашылады.

«Кәсіптік бағдар беру жұмысын реформалау оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушыларды толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Мемлекет колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қазіргі күні бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, жаңа оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждер үшін орташа есеппен 2 еседен астамға артып, 912 мың теңгені құрайтын болады.

«Жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дамытуға бизнес-құрылымдар мен инвесторлардың тарту көзделуде. Бұл өз кезегінде дуальды оқыту жүйесін дамытып, кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік береді. 

 Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Кәсіби стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер жұмыс берушілермен бірге 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді, 1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтетін болады.

Кәсіптік техникалық білім беру жүйесін трансформациялау Қазақстанның 10 колледжін интернационалдандыруды қамтиды. Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу студенттерге академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу орындарында өз білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы студенттерді қолдап, дамыту үшін Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады.

«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, Жұмысшы мамандықтары жылындағы негізгі іс-шараның бірі – Ақтау қаласында Түркітілдес елдер арасындағы Turkісskills–2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив