Жұмысшы мамандықтары жылы: 2030 жылға дейін ОЭК салаларында 83 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 99 жобаны іске асыру жоспарлануда
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол бүгінгі таңда республиканың отын-энергетикалық кешені саналатын 1671 кәсіпорында 303 мыңнан астам түрлі кәсіп қызметкерлері жұмыс істейтінін атап өтті.
2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын аша отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ химиясына 6 ірі жобаға 21 мыңнан астам қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 18 мыңы уақытша және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс.
Электр энергетикасында 72 жобада, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны, уақытша 35 мыңнан астам және тұрақты 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
«Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», — деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты өзектендірілгені, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер айқындалғаны, Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестердің жұмысы жандандырылғаны атап өтілді.
Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары құрылды, онда ОЭК мамандарын даярлау жүргізілуде.
Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады, онда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.
Электр генерациясының жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжануда.
АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында АЭС үшін персонал даярлау үшін мамандандырылған мамандықтар ашылатын болады.
«Электротехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты жүзеге асырады, олар колледж студенттерінің ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе өткізу базасы болып саналады», — деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.
Жұмыс Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған салалық жоспары шеңберінде жалғасатын болады, ол жұмысшы кәсіптердің рөлі мен беделін арттыру жөніндегі негізгі іс-шараларды көздейді, оның ішінде:
-
«Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурстарын, World Skills KMG Ұлттық чемпионатын өткізу, сондай-ақ «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысу;
-
кәсіби мерекелерді атап өту Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні, Энергетиктер күні, Атом саласы қызметкерлерінің күні, Бұрғылаушылар күні;
-
ОЭК салалық кәсіподақтарының жұмысын жандандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша салалық келісімдерді өзектендіру, еңбек жағдайларын жақсарту;
-
2025 жылдан бастап энергия өндіруші кәсіпорындарда өндірістік персоналдың жалақысын жыл сайын 15%-ға ұлғайту жоспарлануда.