Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай гарнизонында Нұртай Сабильянов әскерилермен кездесті

13-01-2025, 09:45 018.kz

Абай гарнизонында депутат әскери қызметшілермен әскери саладағы заңнамалық жаңалықтарды талқылады. 

Абай облысына сапары барысында мәжілісмен Нұртай Сабильянов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. 

Іс-шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров және әскери қызметшілер қатысты.  

Депутат Нұртай Сабильянов заң шығарушы органның әскери қызметтің беделін арттыруға, отан қорғаушылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға және әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруға бағытталған жұмысы туралы айтып берді. 

Депутат атап өткендей, әскери қызметшілердің бір «артықшылығы» бар – әрқашан алдыңғы қатарда болу, сондықтан мемлекет оларға қамқорлық көрсетуі керек. Нұртай Сабильянов елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әскери қызметші мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамалық процестің егжей-тегжейімен бөлісті. 

Сөз соңында Нұртай Сабильянов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив