Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

15-01-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.

Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

1) Балаларға арналған үздік кітап

2) Үздік комикс

3) Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап

4) Детектив жанрындағы үздік кітап

5) Сатира жанрындағы үздік кітап

6) Үздік илюстрациялық кітап

7) Үздік аударма кітабы

8) Фантастика жанрындағы үздік кітап

9) Үздік баспа

10) «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы

Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.

Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.

Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив