Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
529.7 545.96 5.17

Абай облысында этномедиацияға ерекше назар аударылуда

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай этномедиация бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті. Қатысушылар мәдениетаралық диалогтың, профилактикалық жұмыстың және толеранттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Семинар-тренингті өткізу үшін Абай облысына арнайы келген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының этномедиация мәселелері бойынша үйлестірушісі Инара Раһимзаде іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы баяндап, Абай облысының этносаралық келісім саясатын жүзеге асырудағы жетістіктеріне тоқталды.

– Биыл ҚХА өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Абай облысы бұл бағытта алдыңғы қатарда, өйткені этномедиация кеңесі өз жұмысын мерейтойлық жылда бастап отыр. Сондай-ақ, сіздердің аймақтарыңыз Достық үйлерінің саны бойынша көшбасшы саналады. Апта сайын әрбір Достық үйінің жұмысқа белсенді қатысатынын байқаймын, бұл туралы өз есептерімде атап өтемін. Бүгінгі таңда Ассамблея құрамында 583 адам бар, бұл сан өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, әрқайсымыз оның құқықтық негізін мұқият зерделеуіміз қажет. Біз тұтынушылық және тәуелділік көңіл-күйден аулақ болуымыз керек, – деп қорытындылады Инара Раһимзаде.

Семинар бүгін де жалғасын тапты. Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен өңірдің Достық үйлерінің қызметкерлері диалог форматында проблемалық мәселелерді талқылап, одан әрі даму бағыттарын бірлесіп айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив