Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
529.7 545.96 5.17

Абай облысында халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы Абай облысында 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 100,1% құрап, жүздеген отбасыларға жаңа баспаналы болуға мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерге ерекше назар аударылды. Жалпы ауданы 79,5 мың шаршы метр болатын 1070 пәтер сатып алынды. 2024 жылы кезекте тұрған 848 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде жетім балалар – 155, халықтың әлеуметтік осал топтары – 307, көп балалы отбасылар – 225, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 91, жалғыз баспанасы апатты тұрғын үй деп танылған ҚР азаматтары – 70.

«Облыс биыл да кредиттік тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлер де, жеке үйлер де салынады. Семей және Аягөз қалаларында жалпы ауданы 54,6 мың шаршы метрді құрайтын 14 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы көпқабатты 6 үйдің құрылыс жұмыстары басталады. Бұл көптеген отбасыларға тиімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 19 850 адам тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 365 адамға артық.

Қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудегі негізгі шаралардың бірі «Отбасы Банк» АҚ арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру. Қазір үш негізгі бағдарлама ұсынылуда: несие мерзімі 19 жылға дейінгі «Наурыз», сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9% – ға дейінгі «Отау», сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберіндегі бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 2%, қалған кезекте тұрғандар үшін –  5%. Жалпы, өткен жылы 1695-тен астам адам түрлі ипотекалық бағдарламаларды пайдалана отырып, жаңа пәтерлер мен үйлерге көшкен.

«Семей қаласы әкімдігі мен Отбасы банкі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Абай жастары» өңірлік бағдарламасына ерекше назар аударуға болады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – білікті жұмысшыларға жеке баспана сатып алу мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету, сол арқылы жалдау ақысын төлеу қажеттілігін болдырмау. Бағдарлама аясында 2024 жылы облыстың жұмысшы жастары арасынан 19 отбасы баспаналы болды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жастар бағдарламасы Аягөз ауданында да жүзеге асып жатыр», - деп қосты облыс әкімінің орынбасары.

Барлық санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылы да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив