Ануар Бейсенов Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды
Бейсенов Ануар Талғатұлы 1994 жылдың 29 қазанында Ақмола қаласында (Астана қаласы) дүниеге келген. 2016 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2015 жылы «Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы» ММ-де оқушы жастар үшін сабақтан бос уақытта қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін есепке алу технигі болып бастады, онда 2017 жылдың маусымы аралығында жұмыс істеді. 2017 жылдың маусымнан 2020 жылдың қаңтары аралығында «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметшісі, бас маманы лауазымдарын атқарды.
2020 жылдың наурызынан қыркүйегі аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің егіншілік және прогрессивті технологиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпаны аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы» ММ-нің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы және басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылғы қараша аралығында жерді пайдалану мониторингі және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» РММ-нің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан 2025 жылғы қаңтар айы аралығында «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.