Семей қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар әлеуметтік көмек, жол, денсаулық, электр және сумен қамту, тұрғын үйге қатысты мәселелерді көтерді.
Кездесуге 20 адам қатысып, әр өтініш мұқият тыңдалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар беріліп, әкім мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.
Әсіресе тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарға ерекше көңіл бөлінді. Себебі бүгінде тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегінің жылжымауы, апатты үйлер, аулаларды абаттандыру, санитарлық тазалауға қатысты көптеген арыз-шағым келіп түскен.
Бұл кездесу тұрғындар мен әкімдік арасындағы байланысты нығайтып, қаладағы мәселелерді тиімді шешуге бағытталған қадамдардың бірі болды.