2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.
Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.
Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.
Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.
Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.
2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстанда 2029 жылдың соңына дейін 1200 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланудаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіОсы жылдың 11 айында теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі 6,5 млн тоннаны құрады — М.Қарабаев