Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Жапондық компаниялар қазақстандық жылқылардың импортына қызығушылық танытуда

20-01-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі мен жапондық «Sojitz Foods Corporation» және «Senko Farm» компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстандық жылқыларды Жапонияға экспорттау мәселелерін, ветеринариялық-санитариялық бақылау мәселелерін қоса алғанда, тірі жылқыларды экспорттау үшін хаттаманы келісу рәсімдерін талқылау болды. Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерінің жаңа экспорттық нарықтарға шығуына жәрдемдесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив