Мопедтерді тіркеу: не білу қажет
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі
Оларды пайдалану үшін:полицияда тіркелу;
А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;техникалық тексеру;азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін) мопедтің
техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.