Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.58 546.15 5.29

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш және жаңадан кірген мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысын жүргізу

Кеше, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Е. Есенжолов мемлекеттік әкімшілік қызметкерлермен және жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары, жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы түсіндірілді.

Нұржан Ерғалиұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3 - тарауының 6 - тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы қажет екенін түсіндірді. Лудомания - қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін маңызды мәселе. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлер арасында құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының көбеюі байқалды. Бұл құбылыс елеулі алаңдаушылық туғызады, өйткені ол мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен сенімділігіне тікелей әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Нұржан Ерғалиұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін аса маңызды қатерлердің бірі екенін атап өтті. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру. Бұл ауруға қарсы тұру - елдің әрбір азаматының міндеті!

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшінің имиджіне қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар берді. Мемлекеттік қызметшінің мінез - құлқы оның қызметінде маңызды рөл атқарады, тұтастай алғанда мемлекеттің имиджі оның әріптестерімен және азаматтармен қалай әрекет ететініне байланысты болады.

Қорытындыда Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты мәселелер туындаған кезде Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив