Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
523.2 594.3 6.38

Еңбек адамы: Еркін Юсупов

21-04-2024, 13:30 018.kz

«Еңбек адамы» тұрақты айдарымызда спорт мектебінің директоры Юсупов Еркін Рахматуллаұлы.

​​Еркін Рахматуллаұлы 1961 жылы 18 қарашада Семей облысының Аягөз ауылында дүниеге келген.  1979 жылы Аягөз қаласындағы №2 орта мектепті бітіріп, 1979-1981 жылдары Кеңес одағының қарулы күштер қатарында азаматтық борышын өтеді. 1985 жылы Семей автомеханикалық техникумды «техник – механик» мамандығы бойынша,  ал 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірді.

40 жыл еліне қызмет еткен, оның 24 жылы спорт саласында болса, сол жылдарда үздіксіз кәсіподақ мүшесі болған Еркін Рахматуллаұлы, алғашқы еңбек жолын  1985 жылы Қазақ ССР селолық құрылыс министірлігі №27 Аягөз селолық құрылысының тресті - техника қауіпсіздігінің инженері қызметінен бастады. Ол 1986-1988 жылдары – Аягөз аудандық метрология бөлімінде инженер қызметін атқарып, 1989 -1994 жылдары Аягөз аудандық кәсіподақ спорт кеңесінің төрағасы қызметінде болса,1994-1996 жылдары спорт мектебінің директорының орынбасары қызметін атқарды. 1996-1997 жылдары еңбек жолын  «Қайрат» спорт қоғамдық қорының президенті, 1998-2000 жылдары Аягөз аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  футболдан жаттықтырушы қызметін атқарды.

2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Аягөз аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

Спорт мектебін  басқаруда өзін білімді,  білікті маман, мықты басшы ретінде көрсете білді. Ол спорт мектебінің ұжымын тиімді басқарып, мектептің материалдық – техникалық базасын жетілдіріп, нығайту жағына көп көңіл бөліп, ұжымның алға қойған мақсатына жетуде қажырлы еңбек еткен басшы. Еркін Рахматуллаұлы жаттықтырушылар құрамының білімдерін  жетілдіру  жағына көп уақыты мен назарын бөледі. Өзінің қарапайымдылығымен, адалдығымен, оңай тіл табысуымен ұжымның  арасында жоғары беделге ие, сонымен қоса өзіне және маңайындағыларға талап қоя білетіндігімен, қаталдығымен ерекшеленеді. Еңбек тәртібін қатаң сақтап, қойылған тапсырмаларды сапалы және уақытында орындап, жас мамандармен үнемі еңбек жолында жинаған тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін беріп отырады. 90 жылдары бәрі  сатылып, жеке меншікке кетіп жатқанда орталық стадионды аман алып қалып, 2007 жылдары мемлекетке қайтарып берді. Қазіргі уақытта стадион Аягөз аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілді. Оның табысты да нәтижелі еңбегі қазіргі жастарға үлгі.

Еркін Рахматуллаұлы өзінің еңбекқорлығымен және жоғарғы кәсібилік деңгейімен ауданда, облыста спортты дамытуға өз үлесін қосуда. Айта кетсек, балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары бірнеше мәрте Әлем Чемпионаты, Азия Чемпионаты, Республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Футбол бөлімінің түлектері Б.Оразов, Д.Тұрсағұлов шағын футболдан Азия Чемпионатының күміс жүлдегерлері және студенттер арасында Әлем Біріншілігінің күміс жүлдегерлері атанды. Грек-рим күресінен Д.Картиков 2016 жыл Азия Чемпионы, Әлем Чемпионатының қола жүлдегері атанды және Олимпиадаға қатысты. Қазақ күресінен - Д.Кыздарбеков Европа, Әлем Чемпионаттарының жеңімпазы.

Еркін Рахматуллаұлының ұйымдастыруымен футболдан Аягөз ауданының құрама командасы мен Нигерия жастар құрама командасының арасында, бокстан Алтай аймағы (Ресей) құрама командасы мен ШҚО құрама командасының арасында, Аягөз ауданының құрама командасы мен Мьянма (Бирма) Республикасының жастар құрама командалар арасында жолдастық кездесулер, қазақ күресінен ҚРЕСЖ М.Жақитовтың  жүлдесіне арналған халықаралық турнир, грек –рим күресінен ҚРЕСЖ Ә.С.Сұлтановтың, М.Д.Абдуллиннің жүлделеріне арналған Республикалық турнирлер, жылда мектепте ҚР бірінші сыртқы істер министірі, Аягөз ауданының және ШҚО «Құрметті азаматы»  Т.Ы.Сүлейменовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирі мен көптеген облыстық жарыстар да өткізілді.

Азаматтық ұстанымы жоғары, «Аманат» партиясының мүшесі, 2016 жылдан бастап Аягөз аудандық мәслихаттың депутаты болған Еркін Рахматуллаұлына жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министірлігінің «Дене шынықтыру мен спортты  дамытуға қосқан үлесі үшін» атағы берілген. Ол «ҚР Конституциясына 20 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген.

Ол отбасында жары Айгүлмен бірге бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, сүйікті жар, екі немересінің аяулы атасы.

Өз кәсібіне адал Еркін Рахматуллаұлының  деніне саулық, басына амандық, отбасына береке- бірлік, жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив