Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.57 501.54 5.57

«TALQYLAU» диалог алаңында мәслихаттардың жаңа міндеттері талқыланды

Бүгін, 17:26 018.kz

Қоғамдық саясат институты «Әділет» партиясының алаңында «Сайлау – 2026: биліктің жаңа құрылымындағы мәслихаттар» тақырыбында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысын өткізді.

Жиынға Құрылтай депутаттары, мәслихат мүшелері, саясаттанушылар, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуді Құрылтай депутаты Айдос Сарым жүргізді. Спикерлер ретінде Құрылтай депутаты Марат Шибутов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина және саясаттанушы Талғат Қалиев сөз сөйледі.

Жиында жергілікті өкілді органдардың өкілеттігін кеңейту, өңірлерді басқарудағы рөлін күшейту, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау мәселелері талқыланды.

Марат Шибутовтың айтуынша, 2019 жылдан бері мәслихаттардың заңмен белгіленген құзыреттерінің саны 18-ден 31-ге дейін артқан. Бұл жергілікті өкілді органдардың мүмкіндіктерімен қатар, депутаттардың жауапкершілігін де арттырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив