Әлеуметтік саланың маманы

Оразбаева Бигиса Кабигазиновна - Абай облысы «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері болып еңбек етеді.
Бигиса Кабигазиновна 1964 жылы 20 ақпанда Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Кривинка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1982 жылы Семей ет-консервілеу комбинатында бастап, ол комбинатта 19 жыл қызмет атқарады.
2001 жылдан «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ әлеуметтік қызметкер мамандығына келіп, осы күнге дейін сол қызметті адал атқарып келе жатыр.
Айтқанға немесе оқығанға оңай болып көрінгенімен, әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі аса ауқымды, олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін көрсетеді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жұмыс мамандығына қойылатын талаптар мен біліктілік қажеттілігі жоғары. Бигиса Кабигазиновна әлеуметтік сала маманы ретінде аталған көмек түрлерін атқарып қана қоймай, кеңес беруші, психолог, педагог, заңгер де бола білумен қатар, өз қызметін адал атқарып жүрген тәжірибелі маман. Қызмет алушыларға мейірімді қарап, олардың ризашылығына бөленуде.
Өз жұмысымен қатар Бигиса Кабигазиновна орталықтың қоғамдық өміріне да белсене араласады. Өз ісіне жауапты, адал, берген тапсырмаларды уақытында орындап, ұжымда сыйлы, басқа әлеуметтік қызметкерлерге үлгі болуда.
Көп жылғы адал еңбегі үшін Бигиса Кабигазиновна Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Шынайы мейірімді, қайырымды болу, рақымшылық пен аяушылық таныту, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық сияқты асыл қасиеттермен үндестік тапқан әлеуметтік жұмыс қызметкері Бигиса Кабигазиновна – осы заманның шығармашыл, креативті, батыл жүректі адамы.
Бигиса Кабигазиновна отбасының ұйтқысы, екі баланың аяулы анасы, 5 немеренің сүйікті әжесі.