Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.58 546.15 5.29

Қарулы Күштерде қызметтік тұрғын үйді бөлу рәсімі автоматты режимге ауыстырылады

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосы Қорғаныс және Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасын дайындады. 

 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персоналын (қызметкерлерін) есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы (қызметкерлері) үшін проактивті форматта қызметтік тұрғын үйді автоматты түрде бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» ведомстволар басшыларының бірлескен бұйрық жобасы ҚР Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үй қорын бөлу процесін оңайлату мақсатында дайындалды. 

Бірлескен бұйрық бойынша үйді бөлу рәсімі автоматтандырылған форматқа көшуіне байланысты оған тұрғын үй комиссиясының мүшелері қатыса алмайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив