Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
520.91 544.25 5.29

Тарих әдебиетінің классигі

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапхана қызметкерлері №31 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына  арналған  «Тарих әдебиетінің классигі» атты портрет кешін өткізді.

Шара басында кітапхана қызметкері слайд-тұсаукесер арқылы оқырмандарды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырып, І.Есенберлин қазақ тарихында лайықты орын алып отырған қазақ әдебиетінің ірі өкілі екенін атап өтті.

Оқырмандар қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет тарихи тақырыпқа қалам сілтеп, жаңа бағыттың есігін  ашып берген  І.Есенберлин өз халқының тарихын зерттеуге үлкен мән бергені, сондай-ақ тұңғыш рет қазақ әдебиетінде Алтын Орданың өрлеуі мен құлдырауының ең күрделі кезеңіндегі жеке тарихи материалдарды жүйелегенін білді.

Оның «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары әйгілі «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрап, әдебиет әлемінде үлкен резонанс тудырғаны айтылды.

Шара қонағы Әлихан Бөкейхан университетінің аға оқытушысы, магистр Ұлан Құрметкалиұлы Жангалиев көрнекті жазушының шығармашылығы мен тарихымызды бағалайтын оқырмандарға трилогияның бастапқы романы – «Алмас Қылыш» арқылы танысуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, оқыған кітаптан алған әсерімен бөлісе отырып, автор өз халқының ежелгі өткеніне үңіліп, Алмас қылыш романында ХV-ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттелетінін айтты.

Міне, осы кезеңде екі ғасырлық жат қамыттан енді ғана айыққан қазақтың өзін-өзі тануы халықтың тіршілігі үшін ерлік күресінен көрінеді.

Қатысушылар шара жалғасында портрет кешіне белсенді қатысып, жазушы кітаптары туралы оқыған әсерлерімен бөлісті.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив