Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен семинар – оқыту өткізілді

23-01-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 21-22 қаңтарында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Семей қаласындағы № 1, № 2 бөлімдерінің және Жаңасемей ауданының бөлім қызметкерлерімен семинар-оқыту өткізді. Аталған кездесуге 62 адам қатысты.

Семинар барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығы) енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ, Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын түсіндірді.

Сондай – ақ, Семей қаласындағы № 1, № 2 бөлімдерінің және Жаңасемей ауданының бөлім мамандары Ережеге енгізілген өзгерістермен, атап айтқанда жұмыс берушілердің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі ақпараттық жүйесіне (ЕШЕБЖ АЖ) енгізу міндетімен және «hr.enbek.kz» веб – порталында еңбек шартын жасасу және басқада ақпараттармен танысты.

Семинар барысында қатысушыларға Қағидаларға енгізілетін өзгерістер және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі ақпараттық жүйесіне еңбек шарттарын міндетті тіркеу туралы ақпараттық парақтар таратылды және де қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.


 

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив