Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.26 602.13 6.62

ӘШҚҚ бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілмек

23-01-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасы "Қарулы Күштерде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 272) тармақшасын орындау мақсатында дайындалған.

2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 753 Үкімет қаулысымен "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ережесінің 15-тармағы 272) тармақшамен толықтырылды.

Аталған тармақшада Қарулы Күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қорғаныс министрлігінің функциясы айқындалған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив