Қазақстан СІМ басшысы Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Бұған қоса, ағымдағы жылы жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Қытай Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен декларацияҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі