Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

23-01-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген халық даналығы бар. Сәбиіне ақ сүт беріп өсіріп, тәрбиелеп, өскенше алаң болады. Берген тәрбиесінің арқасында ұрпағы елге қызмет етіп, туған жерінің дамуына өз үлесін қосады. Бүгінде алтын құрсақ аналарымызға мемлекет тарапынан құрмет көрсетілуде. Осы мақсатта Семей қаласы әкімдігінде ҚР Президентінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды. Қала әкімі Талғат Мұратов көпбалалы аналарға өзінің жылы лебізін білдірді.

«Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеп, асқан жауапкершілікпен ата-ана міндетін орындап келесіздер. Әрбір бала – еліміздің ертеңі, Қазақстанның жарқын болашағы. Себебі сіздер балаларыңызды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамның дамуына да үлкен үлес қосудасыздар», - деді қала әкімі.

Салтанатты жиын барысында 6 ана «Алтын алқа», 28 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив