Асхат Есеев Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды
Асхат Қайыржанұлы Есеев 1984 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «электромеханика» факультетінде оқып, электромеханик, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «экономика» факультетінде оқып, экономист мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының зертханасында инженер ретінде бастады. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің жетекші маманы.
2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің сарапшысы.
2009 жылдан 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация кешенін стратегиялық жоспарлау және дамыту Департаментінің бас сарапшысы. 2010 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация кешенін стратегиялық жоспарлау және дамыту Департаментінің басшысы.
2012 жылдың наурызынан мамырға дейін Астана қаласындағы «АсСнабСервис» ЖШС-нің спутниктік мониторинг жүйесінің операторы. 2012 жылдың қарашасынан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы.
2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау Департаментінің басшысы.
2015 жылдан 2018 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы. 2018 жылдан 2020 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриалды-инновациялық даму Департаментінің инфрақұрылымды дамыту секторының бас консультанты. 2020 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас инспекторы. 2023 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің аймақтық инспекторы. 2024 жылдан 2025 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің аймақтық инспекторы.