Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Қала тұрғындарының дебиторлық берешегі 500 миллион теңгеге жеткен

3-02-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде қала басшысы Талғат Мұратовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Жиынға Семей қаласы мәслихатының төрағасы Айболат Бекжасаров және барлық бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2024 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы және 2025 жылға арналған міндеттер, жылыту маусымының өту барысы, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды.

Бүгінде жылу бойынша қала тұрғындарының дебиторлық берешегі 500 млн. теңгеге жеткен. Егер қала тұрғындары өздерінің қарыздарын дер кезінде төлеген жағдайда, «Теплокоммунэнерго» МКК үшін жылу қызметтерінің сапасын жақсартуға, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс соңында қала әкімі Талғат Мұратов бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, алдағы уақытта жұмыстарды жоспарға сай орындауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив