Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Силикатный кентіндегі мемориалдық кешен қайта жаңғыртылады

3-02-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Талғат Мұратов көшпелі кеңес аясында Силикатный кенті маңындағы ескі зиратқа барды. Бұл жерде Ұлы Отан соғысы кезінде және эвакуациялық госпитальдарда қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне қойылған мемориалдық кешен орналасқан.

Мемориалдық кешен 1982 жылы орнатылған. Бұл жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштердің бірі. Зиратта жерленген жауынгерлердің есімдері гранит тақтаға жазылған.

«2025 жылы Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Болашақ ұрпақ ерлікпен қаза тапқан батырларды білуі тиіс. Олар бізге бейбіт күнді сыйлағандықтан есімдері ешқашан ұмытылмайды. Мемориалдық кешендер мен ескерткіштер сол ерліктің, батырлықтың белгісі болып, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруі қажет», - деді әкім.

Семей қаласының әкімі тапсырмасымен, 2025 жылдың сәуір айында мемориалдық кешенді жөндеу басталмақ. Бұл жұмыстарға зират маңын абаттандыру, жауынгерлердің бейіттерін бояу, жөндеу кіреді. Зиратта эвакуациялық госпитальдарда жарақаттанған 96 жауынгер жерленген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив