Cемей-26°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.18 530.6 5.28

Семейде жолдарды жөндеу жалғасады

4-02-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2025 жылы орташа жөндеу жоспарланған қалаішілік жолдарды аралады. Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өткен жылдың қыркүйек айында асфальттауды қажет ететін көшелердің тізімін жасаған.

Тізімге облыс орталығының оң және сол жағалауларындағы аудандардан бөлек саяжайлар мен шеткері аймақтарының кейбір көшелері еніп отыр.

Сондай-ақ, тізімді жасақтау барысында тұрғындардың өтініштері, асфальт төселетін көшелердің бойында әлеуметтік нысандардың болуы, инженерлік желілердің жағдайы мен қоғамдық көлік жиі қатынайтын көшелерге баса назар аударылғанын атап өткен жөн.

«Облыс құрылғалы жолдарды жөндеуге мейлінше мән беріліп келеді. Облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру, жаңадан асфальттау жұмыстары атқарылды. Бір ғана Семей қаласында өткен жылы 40–қа жуық көшеге асфальт төселді. 19 мың шаршы метрден астам жол ағымдағы жөндеуден өтті. Тұрғындарға қолайлы болу үшін 24 көшеге тротуар салынды. 61 көшеге қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспасын себу арқылы жолдарды бейіндеу жұмысы жүргізілді. Биыл жоспарда тұрған көшелерді анықтауда алдымен қалалықтардың өтініштерін ескердік. Енді алдағы жұмысты сапалы әрі уақытында орындау міндеті тұр», - деді облыс әкімі.

Қазірдің өзінде алдын-ала жасалған тізім инженерлік желілерді жөндеу жұмысына байланысты жолдарды қазу мүмкіндігін болдырмау үшін коммуналдық қызметтер мен салалық ведомстволарға жіберілді. Осылайша алдағы жол жөндеу жұмыстары жобаны жан-жақты талдап, коммуналдық қызмет құрылымдарымен келісу негізінде іске асыру жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив