Қыста автокөлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз
Күн суытқан кезде жүргізушілер көліктерін жиі жылытады. Алайда қыс мезгілінде өрт шығу қаупі де артады. Электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы немесе жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау өртке әкелуі мүмкін.
Өрттің алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
-
Электр сымдарының, аккумулятордың және жанармай жүйесінің жарамдылығын үнемі тексеріңіз.
-
Қозғалтқышы қосулы тұрған көлікті қараусыз қалдырмаңыз.
-
Көлікті жылыту үшін ашық отты және қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
-
Тиісті желдету жүйесі жоқ жабық гаражда көлікті жылытпаңыз.
-
Көлікте жарамды өрт сөндіргіш ұстаңыз және оны қолдану тәртібін біліңіз.
-
Қозғалтқыш бөлігінде жанғыш материалдардың жиналуына жол бермеңіз.
-
Көлікке уақытылы техникалық қызмет көрсетіңіз.
Күйік иісі, түтін немесе өрт белгілері байқалған жағдайда көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз, салоннан шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мүлік пен адам өмірін сақтауға көмектеседі!