2024 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 121,1% құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2024 жылы 121,1% құрады. Нақты көлем индексінің ұлғаюы есепті кезеңде дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы жиналуының өсуіне байланысты.
Көкөністер мен бақша, тамыр және түйнек дақылдарының ауданы 372,1 мың гектарды (98,6% 2023 жылға) құрады, оның ішінде ашық топырақтағы көкөністер – 126,1 мың гектар (80,9%), картоп – 122,6 мың гектар (129,5%), мақта – 106,4 мың гектар (91,3%).
16 551,8 мың гектар (99,4%) алқапта дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары, 2 735,1 мың гектар (110,6%) майлы дақылдар, 120,2 мың гектар картоп (129,3%) жиналды.
Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 2023 жылмен салыстырғанда 47,4%-ға артып, 25 204,8 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 52,8%-ға артып, 3 337,6 мың тоннаны құрады.
Көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының жалпы өнімі 4,2%-ға артып, 10 246,8 мың тоннаны құрады. Картоптың өнімділігі 28,7%-ға, яғни 2 634,6 мың тоннаға өсті.
2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының өнімділігі 47,6%-ға артып, 15,2 ц/га құрады, ал көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының өнімділігі 4,6%-ға артып, 272,5 ц / га құрады. Сондай-ақ, жыл ашық көкөністер (өсу 4,5%) және қант қызылшасы (33,9%) үшін жемісті болды.
Осылайша, 2024 жыл ауылшаруашылық өндірісі үшін сәтті болды, бұл егістік алқаптарында да, жалпы өнім жинауда да өсумен расталды.