Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына 105 жыл

5-02-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құрылғанына 105 жыл толуына арналған  «Сөздің ең ұлысы – тарих» атты ақпарат сағатын өткізді.

Шараға «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Лаура Кабдылгазыновна Кадырова мен Семей медицина университетінің 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Қазақстандағы ең көне архивтердің бірі, бүгінгі таңда «Абай облысы мемлекеттік архиві» деп аталатын Семей қаласының  мемлекеттік архивіне 105 жыл толуына байланысты архивтің тарихына, дамуы мен қалыптасуына тоқтап өтті. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде мұрағат ірі деректану базасына айналып, мұндағы дерек көздері өз туған өлкесінің тарихына қызығушылардың барлығына: академиктер пен профессорларға, суретшілер мен жазушыларға, ұстаздар мен студенттерге және мектеп оқушыларына сан рет өз қызметін көрсетіп келе жатқандығы айтылды.

Ақпарат сағаты жалғасында Лаура Кабдылгазыновна Кадырова слайд-тұсаукесер арқылы Семей мұрағатының жұмысы және оның қорлары, мұрағаттың бірінші басшылары мен алғаш архив қорының жетекшісі болып Н.Я.Коншиннің тағайындалуы және кейінгі тарихи өзгерістер және алғашқы басқарушылар туралы әңгімелеп, сондай-ақ бүгінгі таңда мұрағат қызметкерлері өздерінің жетістіктерімен, халықтың тарихи естелігі болып табылатын мемлекеттік маңызы бар құжаттарды сақтауға ат салысып, архив ісінде қалтқысыз қызмет ететін біліктілігі мен шеберлігі жоғары мамандарын мақтан тұтатынын атап өтті.

Қатысушылар 1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты архив Шығыс Қазақстан Облысы қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы болып қайта құрылғанын,  Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы  №209 қаулысы негізінде «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Абай облысының мәдениет, тілдері дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілгені жайлы  білді.

Шара соңында кітап көрмесімен және мерзімді басылымдарға шолу жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив